Алматыда жаңадан сайланған мәслихат депутаттары ресми түрде таныстырылды. Асхат Шілікбаевқа, Михаил Грачевқа және Гүлнас Ахметоваға төсбелгі тағылып, куәлік табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста қалалық 3 мәслихат депутатының бос орындарына кандидаттар сайланған болатын. Олар жаңа қызметтеріне кірісіп кетті.
Мәслихаттың кезекті сессиясында халық қалаулылары алдағы жоспарларымен бөлісті. Күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі – темекі өнімдерін тұтынуды азайту жұмыстары қарастырылды. Ол үшін әлемдік тәжірибе қолданылмақ.
«Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бағдарламаның іс-шараларына темекі өнімдерін, оның ішінде кальнды тұтыну деңгейін төмендетудің қосымша индекатор жоспары 2019 жылға енгізіліп отыр», – деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс ҮСЕРОВ.