|
14.01.2019 | 13:48
2656

Сағатына 60 шақырым: әл-Фараби, ШААЖ және Саин жолдарында белгілер ауыстырылып жатыр

Сағатына 60 шақырым: әл-Фараби, ШААЖ және Саин жолдарында белгілер ауыстырылып жатыр

Алматыда әл-Фараби даңғылы, шығыс айналма автомобиль жолы және Саин көшесінде жылдамдық мөлшері сағатына 60 шақырым деген белгілер орнатылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Қазіргі уақытта бұл жол бөліктерінде рұқсат етілген жылдамдық мөлшері – сағатына 80 шақырым. Сағатын 60 шақырым ережесі 15 қаңтардан бастап іске қосылады. Қалалық полиция департаментінің өкілдері жолдағы адам өлімі көрсеткішін төмендету мақсатында істелгенін айтады.  

ПД ресми өкілі Салтана Әзірбектің мәліметінше, әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимін сағатын 80-нен 60 шақырымға түсіру арқылы жолдағы уақытты қысқарту тек екі минутқа артатын айтады.  

«Егер осы екі минут бір адамның болсын өмірін аман алып қалуға мүмкіндік беретін болса, онда ол жылдамдық режимін өзгерту шарасы әбден лайықты», – деді полиция өкілдері. Алдағы уақытта адам қауіпсіздігі үшін шаралар жасалатын болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир