Павлодар облысында мектеп отқа оранды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысындағы Ертіс ауылындағы мектепте өрт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 21 қыркүйекте сағат 11.30-да орын алған. №3 екі қабатты мектептің техперсоналға арналған бөлігінде тұрмыстық заттар өртеніп, аумағы 25 шаршы метрге жайылған.
«230 адам эвакуцияланды, олардың арасында 217 бала бар. Өрт сағат 11.40-та ауыздықталып, 12.20-да толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖК мамандары.Өртті ауыздықтауға жеті құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00