Головкиннің бапкері жеңіліске қатысты «тосын» мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Геннадий Головкин мен Мурат Гассиевтің бапкері Абель Санчес таяуда шәкірттерінің маңызды титулды жекпе-жектерде жеңіліп қалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik.
Гассиев Александр Усикке есе жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы IBF және WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды. Ал, Головкин Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекте алғаш рет жеңіліске ұшырап, орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO белбеулерін бәске тікті.
«Осы жеңілістерден кейін қысымды сезініп, жаттығу стилін өзгертуге тырысамын ба? Жоқ. Бәрібір менің залымда жаттығатын боксшылардың жеңісі орта есеппен 92%-ті көрсетіп отыр. Головкин белбеуін 20 мәрте қорғады және барлық уақыттағы нокауттардың ең жоғарғы пайызын иеленді. Гассиев үздіктер үздіктермен жұдырықтасатын турнирге қатысты. Біздің жүйенің арқасында осындай жетістіктерге жеттік. Сондай-ақ, менің залымда тағы басқа екі әлем чемпионы бар», — деді Санчес.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13