Ұлттық ұлан жауынгерлері ер адамды ажалдан құтқарды

Ұлттық ұлан жауынгерлері ер адамды ажалдан құтқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық ұлан жауынгерлері елордада 9-қабаттың терезесінен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше кешкісін сағат 20:30 шамасында Астана қаласындағы Абылай хан көшесінің бойында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап жүрген 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы 9 қабатты тұрғын үйдің терезесінде отырған ер адамды байқаған.

Жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Әділет Нұрбаев рация арқылы жедел байланысқа шығып, биіктен секіру арқылы өз-өзіне қол салмақ болған кісі жайлы ақпаратты кезекші бөлімге хабарлайды. Содан соң ұландық жауынгерлер Әділет Нұрбаев пен Айбек Алмаханов және Нариман Ахмет дереу тоғызыншы қабатқа көтерілгенде, терезеден төмен секіруге ыңғайланып отырған ер адамды көреді.

«Сарбаздар өздеріне сенімді кейіпте әрі әбжіл әрекет етіп, азаматты ажал аузынан құтқарып қалды. Кейіннен ол тиісті сала мамандарының өз деңгейінде жұмыс жүргізуі үшін Алматы аудандық ІІБ қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.  


Новости партнеров