|
21.11.2018 | 14:05
4077

Шашын бояп, көзілдірік кигізіп қойған: Шымкентте 4 ай бұрын жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

Шашын бояп, көзілдірік кигізіп қойған: Шымкентте 4 ай бұрын жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

Шымкентте осы жылдың шілде айында жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды, деп хабарлайды Stan.kz.


Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі «Шымкенттік мейірімділер клубының» парақшасында жарияланды. Оның шашын сары түске бояп, көзіне көзілдірік кигізіп қойған екен.


«Бала табылды. Аман-есен. Бір әйел Алматыға алып кеткен. Не істегендерін қараңыздаршы, баланы танымас үшін, шашын бояп, көзілдірік кигізіп қойған. Аллаға шүкір, оның жағдайы жақсы. Қазір Шымкентте», – делінген хабарламада.


ҚазАқпарат мәліметінше, қалалық полиция департаменті аталған ақпаратты растады. Алайда әзірге мән-жайын айтпады.


Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте 2006 жылғы Руслан Нортұраевтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Ол биылғы жылдың 22 шілдесінде жоғалып кеткен. Артынша шымкенттік полицейлердің жоғалып кеткен 12 жасар баланы 4 ай бойы іздемегені белгілі болған еді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир