Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сейсмикалық жаттығу 9 қазан күні сағат 10.00-де өтеді. Сейсмикалық жаттығу жұмыстарының бірінші кезеңі халыққа «Баршаның назарына!»  бірыңғай сингалы қосылады. Бұл сигнал электрсирена қосу және теледидар мен радио арналарын автоматты түрде тоқтату арқылы жүзеге асырылады», - делінген хабарламада. 

Практикалық оқу-жаттығу № 27 мектеп-гимназия Әуезов ауданы, 5 ықшам ауданы,  8 «Б» үйі мекен-жайында өткізіледі, онда құтқару бөлімшелерінің практикалық түрде іс-қимылдарын көрсетіп, тренингтер өткізіледі. 

«Барлық сауда орталықтарында және қала тұрғындарының жаппай қатысуымен ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай қоғамының еріктілерімен бірге жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», - делінген ТЖД баспасөз қызметінде.

Сейсмикалық жаттығу барысында шартты зардап шеккен халықты қабылдау пункттері ашылады.

Жалпы қалалық жаттығулар жыл сайын «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, қалада жер сілкінісі 7 болмайды деп айтуға болады.

Сонымен қатар, Департамент ағымдағы жылдың қазан айында қалалық нысандарда (оқу орындары, сауда ойын-сауық орталықтары және т.б.) таңдаулы кенеттен жаттығу өткізілетінін хабарлайды. Шаралар нысандардың персоналының дәрежесін анықтауға және болуы мүмкін өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты біз Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына түсіністік пен сабырлықты сақтауды сұраймыз.


Новости партнеров