Жер сілкінісінен ес жия алмай жатқан Индонезияда жанартау атқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сәрсенбі күні жер сілкінісі мен цунами салдарынан зардап шеккен Индонезияның Сулавеси аралында жанартау атқылады. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оның мәліметтерінше, аралда орналасқан жанартаулардың бірінің атқылауынан аспанға көтерілген күлдің биіктігі 4 шақырымға жеткен.
28 қыркүйек күні Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында екі рет жер сілкінді. Оның біреуінде жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, дүлей апат салдарынан 1234 адам қаза тапқан, тағы жүзге жуығы із- түссіз жоғалды, жүздеген адам жарақат алған. Табиғи апат салдарынан 60 мыңнан астам жергілікті тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34