Алматының кей ауданында газ беру уақытша тоқтатылады

Алматының кей ауданында газ беру уақытша тоқтатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Назарбаев даңғылы мен Жансүгіров көшесіндегі газ құбырларын жөндеуге байланысты жеке үйлерде уақытша көгілдір отын өшіріледі.

Жұмыс 2 қазан күні таңғы 10.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жалғаспақ. Сол күні Тобаяқов, Сейфуллин, Жансүгіров, Дарвин көшелеріндегі 517 тұрғын үйде газ болмайды. Бұл жөнінде барлық тұрғындарға алдын ала ескертілген.  

«Назарбаев көшесі мен Жансүгіров көшесінің ортасын қосу мақсатында бүгінгі таңда 517 частный сектор үйлер газ дан айырылады. Биыл қазан айының 2-сі күні жұмыс мақсаттары алдыға қойылды. Тұрғын үйлермен және әкімшілік мекемелердің барлығына хаттама түрінде хабарламалар жіберілді, көше-көшелерге хабарламалар ілінді, сол орамдағы үйлерге хабарлама берілді», – деді «Алматы Газ» шаруашылығының басшысы Нұржан ЖОЛДАСБЕКОВ.




Новости партнеров