Алматыда «Барахолка» базары өртенді. Қызыл жалын Москвина көшесіндегі қоймалардың бірінен тұтанған.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 78 адам мен 21 арнайы техника жұмылдырылған.
Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше өрт туралы хабарлама 13:41-де келіп түскен. Төтеншеліктер оқиға орнына бес минутта жетіп, өртті бір жарым сағатта сөндірген.