Қазақ боксшысы қарсыласын 1-раундта сұлатып, чемпиондық белбеуді иеленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық панчер Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) Коста-Месадағы (Калифорния, АҚШ) бокс кешінде жекпе-жегін тағы да нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
Геннадий Головкинмен бір жерде жаттығып жүрген 23 жастағы боксшының қарсыласы Мексиканың 27 жастағы боксшысы Джовани Хавьер Гомес (17-15, 11 КО) болған. Айқас қазақстандық боксшы үшін жеңіл өтіп, бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ахмедов 32 жастағы американдық боксшы Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) нокаутқа жіберген еді. Енді Әли Ахмедовтың рекорды 13 жеңістен (10-ны нокаутпен) құралған. Қазақстандық боксшы жартылай ауыр салмақта WBC Youth World және NABF Junior белдіктеріне ие.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53