Қазақстанда әрбір екінші отбасы ажырасады - статистика

Қазақстанда әрбір екінші отбасы ажырасады - статистика
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы белең алды. Бұл туралы «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнар Байымбетова Астанада өткен арнайы отырыста мәлімдеді, деп жазды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда отбасы мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәдениетіне баса назар қойылып отыр. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдар, 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заңнамалар Тұрақты даму мақсаттарының бірі - гендерлік сезімтал қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталаған. Бірақ, іс жүзінде қазіргі механизмдер жеткіліксіз», - деді Г. Байымбетова Астанада өткен «Бала аумағы - бақыт аумағы» отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады, оның 83%-ының ортақ балалары бар. 400 000 ана балаларын жалғыз тәрбиелеп отырса, 60 000 жалғызбасты әке бар.

«Келешек» психологиялық орталығының директоры, Астана қаласы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Наталья Семененко елордадағы жағдайдың да мәз еместігін жеткізді.   «Ажырасушылар саны өте көп. Статистикалық дерек бойынша, Астанада әрбір үшінші отбасы ажырасады. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде - әрбір екінші отбасының шаңырағы шайқалады. 82%-ының ортақ балалары бар. Өткен жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам ажырасу фактісі тіркелді», - деді Н. Семененко.

Британдық «The Economist» басылымының әлемдік рейтингінде Қазақстан ажырасу саны бойынша 10-орында тұр. Сарапшылар неке бұзылғаннан кейінгі балалардың тұратын жері мен ата-аналардың баламен қарым-қатынас уақыты туралы дау-дамайдың да айтарлықтай өскенін жеткізді.    


Новости партнеров