|
19.09.2018 | 16:34
2299

«Астанафильм» жаңа киностудиясы салынатын болды

«Астанафильм» жаңа киностудиясы салынатын болды

Астанада «Қазақфильмнен» кем түспейтін жаңа киностудия салынады. Мәдениет саласындағы шенеуніктер қарқынды дамыған отандық киноөндіріс үшін Алматыдағы жалғыз ресми студия аздық етеді дейді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәжіліс отырысындағы «Кинематография туралы» заң жобасының бірінші оқылымында ұлттық туындыларға бөлінетін қаржы жайында және шетелге қазақ киносы қалай таныстырылып жатқаныне баяндады.

Мәжіліс отырысында қазақ киносының болашағын айқындайтын «Кинематография туралы» заң жобасы талқыланды. Құжатты таныстырған Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келесі жылы елордада «Қазақфильмнен» асып түсетін «Астанафильм» киностудиясы бой көтеретінін хабарлады. Алматыдағы кино алаңы отандық фильм саласын дамытуға аздық етсек керек, өйткені Астанада орталық салуды Президент тапсырған. Тағы бір ірі киноалаңына қанша қаржы жұмсалып, оның қандай болатындығы белгісіз.

«Менің ойымша, жаңа студия ЭКСПО-қалашық маңында орналасады. Қазіргі кезде сәулет мәселесі маңызды болып тұр. Себебі әлемдік киностудияларға туристер көптеп баратыны белгілі. Яғни киноөндіріс бизнеспен қатар жүргізілуі тиіс. Егер де биыл жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтасақ, онда алдағы жылы құрылыстың басталуына өтінім жібере аламыз», – деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХМЕДИҰЛЫ.

Ұлттық фильмдерді қаржыландыру ережесі өзгермек. Туындыға мемлекеттен ақша бөлудің жаңа түрі отандық кинофильмдер сапасын жасқсартады-мыс. Бірінші кезекте, көп қаржы балаларға арналған, әлеуметтік маңызы бар және шетелде көп сұранысқа ие анимациялық картиналарға жұмсалады. Мұндай жобаларды мемлекет толықтай өзі қаржыландырмақ. Министрдің баяндамасын тыңдаған Мәжіліс төрғасы туындыларды «Ұлттық кино» деген ұғымға сәйкестендіру қаншалықты дұрыс деген сұрақ төңірегінде пысықтауды тапсырды.

«Қазір мынандай күдік туып отыр. Мазмұндық белгілеріне қатысты фильмдер барлық кезде «ұлттық» деп танылу сынағынан өте алмауы мүмкін. Алайда, олар халық арасында өте танымал болуы мүмкін. Яғни, фильмнің идеологиялық құрамы болмағанымен, көрермен арасында үлкен сұранысқа ие болады. Мысал ретінде, сонау Кеңес заманында түсірілген «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен!» фильмі. Бірінші комиссия бұл фильмнен этикалық және азаматтық нормалардың бұзылуының бірнеше фактісін анықтаған. Бұл қоғамдық жерде ішімдік ішу, бөтеннің жекеменшік нысанына рұқсатсыз кіру және тағысын тағылар», – деді

ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Кино саласы туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мәдениет министрлігі мәнерлеп сырғанаудан академия құрылысына кіріспек. Оған тура екі ай бұрын автоұрылардың қолынан қаза тапқан Денис Теннің аты беріледі. Ведомство оның қалай болатынын анық айтқан жоқ. Нысанның сұлбасын салуға қазақ туын желбіреткен спортшының ата-анасы да қатысады.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир