Алматыда дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, Алматыда қараша айының 24-нен 25-не қараған түні жауын жауып, арты қарға айналады. Соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы қаласының әкімдігі автоәуесқойлардан жол жиегіне көліктерін қалдырмауды, жаяу жүргіншілерге тротуарлармен жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды, көп қабатты нысандардан алшақ болуды сұрайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 25 қараша күні жауған қар дер кезінде тазартылатын болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58