Алматыда дауылды ескерту жарияланды

23.11.2018 в 19:45

Алматы қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше,  Алматыда қараша айының 24-нен 25-не қараған түні жауын жауып, арты қарға айналады. Соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы қаласының әкімдігі автоәуесқойлардан жол жиегіне көліктерін қалдырмауды, жаяу жүргіншілерге  тротуарлармен жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды, көп қабатты нысандардан алшақ болуды сұрайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 25 қараша күні жауған қар дер кезінде тазартылатын болады.