Алматыда 145 млрд көлемінде әлеуметтік төлемдер төленген

Алматыда 145 млрд көлемінде әлеуметтік төлемдер төленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері 16 пайызға артты. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» Алматы қаласы бойынша басшысы Гүлсара Алтынбекованың айтуынша, оған орташа айлық номиналды еңбекақының өсуі, инфляция деңгейі, төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, активтердің табыстылығы әсер еткен.

Елімізде демографияны жақсарту үшін бала туылғанда және бір жасқа дейінгі бала күтіміне мемлекеттік жәрдемақылар төленеді. Қазір 3 балаға дейін төленетін бір реттік жәрдемақының мөлшері 90 мың теңге көлемінде, ал 4 және одан да көп балаға 150 мың теңгеден жоғары төленеді.  

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы көлемінде еңбек ету қабілетінен айрылған 63 мың қазақстандықтың, асыраушысынан айырылған 37 мың адамның жәрдемақысы көбейді. Алматы қаласы бойынша 4800-ге жуық адамға еңбек ету қабілетінен айрылу санаты бойынша жәрдемақы тағайындалса, 2 мыңнан аса алматылыққа асыраушысынан айырылу санаты бойынша жәрдемақы берілді. Осылайша жыл сайынғы төлем көрсеткіші 20 миллионға көбейген», – деді Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» басшысы Гүлсара АЛТЫНБЕКОВА.  

2018-ші жылы бала күтімі үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1 балаға 13 мың 853 теңге, 2 балаға 16 мың 379 теңге, 3 балаға 18 мың 880 теңге, ал 4 және одан көп балаға 21 мың  405 теңгені құрап отыр. Айлық есептік көрсеткіштің артуына байланысты аталған төлемдердің де мөлшері артады.

Айта кетейік, әлеуметтік сақтандыру жүйесі пайда болғаннан бері Алматы қаласында әлеуметтік төлемдер 145 миллиард теңге көлемінде  390 мың адамға төленген.  


Новости партнеров