Алматы жылу магистралінде апат болды

Алматы жылу магистралінде апат болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Алматы ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі жылудан уақытша ажыратылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың Алматы ауданындағы Райымбек батыр-Қабдолов-Отарская-Варламов көшелері шаршысында орналасқан ғимараттардың бір бөлігі бірнеше сағатқа жылудан ажыратылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, инженерлік желілерде штаттан тыс жағдай Өтеген батыр көшесінің батысындағы Төле би көшесінде орналасқан технологиялық жабдықтардың істен шығуы салдарынан болған.

Қаланың бұл секторындағы тұтынушыларға жылу мен жылы суды беру барлық апаттық жұмыстарды жүргізу аяқталған соң, шамамен бүгін сағат 20:00-ге қарай қалпына келтіріледі.

«Жылу беруді уақытша тоқтату тұрғын үйлер мен басқа нысандардағы температуралық режимге әсер етпейді» деп сенімді жылу берушілер.


Новости партнеров