Алматыда «КИнЭС» кітабының тұсауы кесілді. Қазақстан рекордтары жайлы ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа 1 654 дерек пен 2 мыңнан астам фотосурет енген.
Кітаптағы ақпарат қазақ және орыс тілінде жазылған. Авторлар еліміздегі түрлі салада көзге түскен таңғажайып адамдарды іріктеп алған.
«Басқа анықтамалықтардан қарағанда ерекшелігі бұл кітапқа бар мәліметтер «Тек қана бірінші», «Таңғажайып», «Қайталанбас» деген айдарлармен кірді. Сондықтан оныншы басылымға қарағанда 30 пайыздай жаңартылды. Кітаптың тиражы – 1000 дана», – деді бас редактор, «Тұран» университетінің бірінші проректоры Қуаныш ТАЗАБАЕК.
Кітап таныстырылымында 30-дан аса рекордшылар марапатталды. Олардың қатарында әлемдегі ең үлкен дәрігерлер отбасы – Дудаевтар, тұңғыш зағип тележүргізушілер Мадина Ермаханова мен Ербек Бакиев, 60 минутта 24 килограмдық гірді 1300 мәрте көтеріп, әлемдік рекорд орнатқан Жұмахан Күзбаев бар.
«Ардагерлер арасында гир спортынан 6 дүркін әлем чемпионымын. Бүгін міне, КИнЭС рекорды болып отырмын. 2013 жылы Венгрияның Чипо қаласында өткен ең бірінші әлем чемионатында гир спортынан алғаш рет әлем чемпионы атандым», – деді гір спортынан әлем чемпионы Жұмахан КҮЗБАЕВ.