Қызылорда облысында әкімдік өртеніп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда облысында Жалағаш ауданында ауыл әкімдігі өртенді.
Таңғы сағат 07.15-те Жанталап ауылындағы ғимарат түгел отқа оранып, өрт сөндірушілер оқиға орнына 45 минутта жеткен. Ең жақын бөлімше 51 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлады sputniknews.kz Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.
Өрт 08.24-те ауыздықталып, 9.00-де толығымен сөндірілді.
ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың берген мәліметі бойынша, өрт аумағы 84 шаршы метр. Өртті сөндіруге 5 адам, бір техника және жеті ерікті жұмылдырылды.
Төтенше жайт салдарынан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31