Алматыда мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Алматыда мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда нөмірі №25, 34 және 36 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жүргізуді бастады. Кандидаттар 26 қазанға дейін тұрғындармен кездесіп, өз бағдарламаларын таныстыруы керек. Сайлауға түсіп жатқан азаматтар 50-ге жуық жиын өткізуді жоспарлап отыр.  

«Менің бағдарламамның девизі - «Өмірімізді бірге көркейтейік, бірге жақсартайық!». Сондықтан бүгін Түрксіб ауданының тұрғындарымен алғашқы кездесуім болады. Мен өз бағдарламамды айтамын, содан соң ол кісілердің қандай проблемалары бар екені, қандай сұрақтар қойғысы келетінін біліп, өз бағдарламама енгізуге тырысамын», – деді Алматы қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Гүлнас АХМЕТОВА.

Мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлау комиссиясы белгілеген орындарда үгіт-насихат жүргізе алады. Сондай-ақ, жекеменшік ғимараттарда иесінің рұқсатымен де жиын өткізуіне болады. Осы жолы депутаттыққа 14 адам ұсынылған. Оның үшеуі «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған, қалған 11-і өзін-өзі ұсыныпты.  

«Сайлау науқаны басталғалы бері 14 адам тіркелген болатын. Қазіргі таңда 5 адам өздерінің кандидатураларын шешіп өз бетімен, 9 адам үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Үгіт-насихат науқаны 26 қазанға дейін жалғасады. 27 қазанда тынығып алған, 28-і күні сайлау өткіземіз», – деді Алматы қалалық Сайлау комиссиясының төрайымы Жанна АСАНОВА.        


Новости партнеров