Алматы облысында салынып жатқан дүкен отқа оранды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Талғар ауданында салынып жатқан дүкен отқа оранды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«11 желтоқсанда сағат 19: 18-де өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы 2 қабатты дүкеннің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының 400 шаршы метрін жалын шарпыған. Оқиға орнына 25 шақырым жерде орналасқан Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімшесінің 6 қызметкері мен екі техникасы тартылды», - деп атап өтілген хабарламада.
Тілсіз жау 20:36-да ауыздықталып, 20:53-да толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10