|
19.11.2018 | 17:15
1800

Бақытжан Сағынтаев алаңдатарлық мәселені атады

Бақытжан Сағынтаев алаңдатарлық мәселені атады

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары күшейтілетін болады.

Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев осыны талап етті. Бұл жұмыстарға жауапты етіп өзінің бірінші орынбасары Асқар Мәминді тағайындады. Ол жүктелген міндеттердің сапалы орындалуы мен бөлінген қаражаттың игерілуін жіті қадағалайтын болады.  

«Бізді жалғыз алаңдататын мәселе – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының инфраструктурасына байланысты. Осы жердегі модернизация – баяндамада көрсетіліп өткендей, 60 пайыздан 57 пайызға дейінгі тозуы төмендетілді. Бірақ бұл өткендегі Елбасының қауіпсіздік кеңесіндегі берген тапсырмасына байланысты мәселе. Өйткені, бөлінген қаржы, берілген тариф осы құрылымдарды модернизациялауға жұмсалуы қажет», – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Ал өңірлерге қуатты үнемдеуді бақылауды күшейту тапсырмасы жүктелді. Бұл ретте әкімдіктерде қадағалаудың арнайы бөлімдерін құру қажет деді премьер. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, ондай бөлім тек ғана екі облыста бар.

«Энергия үнемдеу бөлімдері тек Павлодар, Қостанай облыстарында ғана бар. Басқа өңірлерде жұмыс атқарылып жоқ. Яғни, жаңа айтып отырған алгоритм жоқ. Өзгеріс болып жатыр ма, болмай жатыр ма, қадағалайтын мүмкіндік жоқ. Сондықтан құрметті әкімдер, осы жағдайға көңіл бөлулеріңізді сұраймын», – деді БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир