Алматылық оқушылар арасында батырлар жырын жатқа айтудан ұлттық байқау басталды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған жобаға биыл «Алпамыс батыр» жыры арқау болады.
Байқауға 6 және 10 сыныптар арасындағы кез келген оқушы қатыса алады. Екі кезеңнен тұратын доданың басты мақсаты – жастарды кітап оқуға баулып, ұлттық рухты сіңіру және дарынды балаларға барынша қолдау көрсету.
Жүлде қоры - 3 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздардың есімі 28 қыркүйек күні белгілі болады. Ал жүлдегер атанған әр оқушының ұстазы Англияға ағылшын тілін үйрену курсына жіберіледі.
«Жалпы бұл «Тұлпар мініп, ту алған» деген ұлттық жоба мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынып жатыр. Біздің қоятын талабымыз – балалар тек жырды жаттап қана қоймай, оның ішіндегі көнерген сөздерді, жер-су атауларын, олардың мәнін білуі керек. Өйткені, қазылар алқасы сұрақ қойып отырады», – деді
ақын, ұлттық жоба жетекшісі Серік СЕЙІТМАН.