|
28.12.2018 | 15:00
2123

Астананың аязында автобустан баланы түсіріп кеткен кім?

Астананың аязында автобустан баланы түсіріп кеткен кім?

«Астана LRT» ЖШС аязды күні баланы автобустан түсіріп кету оқиғасына қатысты қызметтік тексерісін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізде болса, 25 желтоқсан күні Айша Мұқашева Фейсбук арқылы  Астана LRT компаниясына жүгініп, 102 бағдарында жүретін автобуста көлік картасында жолақы төлеуге қаражаты жетпеген баланы аялдамаға түсіріп кеткендігі туралы жазба қалдырған еді. Осыдан кейін бұл оқиға қоғамдық резонанс туғызған болатын. Дәл сол күні Астана LRT компаниясы бұл мәселеге орай пікір білдіріп, қазан айында барлық автопарк жүргізушілеріне аязды күндері балаларды автобустан түсіріп кетпеу ескертілгендігін хабарлады.

Сонымен қатар, жазбадағы деректер қызметтік тексеру жүргізуге жеткіліксіздігін атап өтіп, авторына хабарласуын өтінеді. Бірнеше сағаттан соң жазба авторы байланысқа шығып,  Астана LRT сауалдарына жауап берген. Сонымен автобуста кондуктор болмаған. Бала «Қарлығаш» балабақшасы аялдамасында автобусқа отырып, «Қаржы орталығы» аялдамасынан түскен және жылы аялдама павильонына кіріп, анасына қоңырау шалған.  

«Осыдан кейін уақыты бойынша автобусты табу керек болды. Айша Мұқашева сағат 12-40 пен 13-17-нің арасы деп көрсетті. Аталған аялдама арқылы өтетін барлық бағдар қаралды. Көрсетілген уақыт аралығында 3 жүрдек автобустың өткені анықталды. Үш автобустың да салонындағы камералардан видеожазба алынды. Сонымен қатар, анасы мен баласы жүргізушілермен кездесті. Аталған автобустардан алынған видеожазбаларда бала болмай шықты. Бала да жүргізушілердің бір де бірін таныған жоқ», - деп атап өтті компаниядан.

Осыдан кейін Көліктік бақылау департаментінің инспекторлары аялдама павильонындағы видеожазбаны алдырған. Соның арқасында бұл оқиғаның одан ертерек орын алғаны және баланың қандай автобустан түскені анықталған.

Аталған автобустың жүргізушісі баламен арада ешқандай жанжал болмағанын айтқан. Осылайша, аталған жазба авторы ұлына ешқандай қысым жасалмағанына көз жеткізген. Тексеру қорытындысы бойынша Айша Мұқашеваның аталған оқиға бойынша жүргізушіге және  Астана LRT компаниясына ешқандай наразылығы жоқ.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир