Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда кондуктормен дауласқан №80 автобус жүргізушісі жұмысынан кетті. Тексерушілер жүргізушінің жұмысынан заңбұзушылық анықтаған. Атап айтқанда, жүргізуші жолаушыларға билет бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған жайтқа байланысты «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев түсінік берді.
«Жүргізуші рейстен алынды. Көлікке басқа жүргізуші жіберілді. Тексеру барысында кондукторлар маршрутта жолаушыларға билет берілмегенін анықтаған», - деді Б.Құлышев.
Оқиғаға куə болғандардың айтуынша, жүргізуші автобуста дау шығарып, жолаушы толған көліктен шығып кеткен.
«Тәртіпсіздік көрсеткен жүргізуші жұмысынан шығарылды», - деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46