Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматыда да төл мерекеге тағзым етілді. Қала тұрғындары Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, бейбіт күнге жету үшін құрбан болған боздақтарды еске алды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастап, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, зиялы қауым, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл қойып, тағзым жасады.



Бұл күнді ел-жұрт ерекше қастер тұтып, жыл сайын алаңға ағылады. Бейбітшілік жолында талай боздақ жанын қиған алаңға биыл да халық көп жиылды. Жиын соңында Қазақстан Құрлық әскерлерінің курсанттары бүгінгі рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.


Новости партнеров