|
23.10.2018 | 15:11
2223

«Баласын ұрып-теуіп тастаған»: Шымкентте сәбиін əжетханада ұрған әйел видеоға түсіп қалды

«Баласын ұрып-теуіп тастаған»: Шымкентте сәбиін əжетханада ұрған әйел видеоға түсіп қалды

Шымкентте өз сәбиін ұрып, одан қалса оны жылаған күйі жерге жатқызып қойған әйел видеоға түсіп қалды. Осынау сәттегі бейнежазба Instagram әлеуметтік желісіндегі топтарда жарияланған.

Жазба авторының айтуынша, ол баласын ұрып, одан қалса, тепкен екен. Ал өзін сабырға шақырғандарды балағаттаған.

«Мынау бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып-теуіп, мына əйел араша түскен адамдарға сөз айтқан», – деп жазған автор.

Өз кезегінде желі қолданушылары сәбиіне аяушылық танытпаған әйелге ашуланды. Көпшілік баланың жағдайына алаңдап жатқандарын жазған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сәби Әйел
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир