Александра Ле Олимпиаданың финалдық кезеңіне жолдама алды

пресс-служба Министерства туризма и спорта РК
пресс-служба Министерства туризма и спорта РК
Спортшылар жүлдеге 29 шілде күні таласады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Александрра 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал, финалға алғашқы сегіз спортшы өтті.

Тағы бір отандасымыз Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орыннан көрінді.

Аралық нәтиже бойынша, кореялық Хьеджин Бан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Спортшылар жүлдеге 29 шілде күні таласады.

Еске салайық, бір күн бұрын Аександра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалар арасындағы жарыста ел қоржынына алғашқы қола жүлдені сыйлаған болатын.

Оқи отырыңыз: Әуежайлар мен вокзалдар Олимпиада чемпиондарының суретімен безендірілді

Новости партнеров