Бір топ домбырашы спортшыларға қолдау көрсетті

s-ova.ru
s-ova.ru
Дарынды домбырашылар Алматы-Өскемен бағыты бойынша жүретін пойызда концерт ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір топ домбырашы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғап жатқан спортшыларға қолдау көрсетті,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚТЖ-ға сілтеме жасап

Дарынды домбырашылар Алматы-Өскемен бағыты бойынша жүретін пойызда Парижде өтіп жатқан Олимпиададағы еліміздің спортшыларының алғашқы жеңістігіне арнап, концерт ұйымдастырды. Балалар №351 пойызының жолаушыларына ерекше атмосфера сыйлады.

"Домбырашылар белгілі қазақ композиторы Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін орындады. Балалар Алматыға Өскеменде өткен музыкалық сайыстан жеңіспен оралып келе жатты. Перронда балаларды туыстары мен жақындары күтіп алып, жеңістерімен шын жүректен құттықтады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының барлық пойызында хабарландыру жүйесі арқылы Олимпиадада медаль жеңіп алған спортшылардың есімі айтылды.

Оқи отырыңыз: Әуежайлар мен вокзалдар Олимпиада чемпиондарының суретімен безендірілді

Новости партнеров