Шымкенттен Сенат депутаттарын онлайн түрде сайланды

05.10.2018 20:50

Орталық сайлау комиссиясында Шымкент қаласынан Сенат депутаттары сайланды. Жоғарғы палатадағы екі депутаттық мандаттан 6 адам үмітті болған.

Қалалық мәслихаттың 29 депутаты онлайн режимде дауыс берген сайлау рәсімінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші экс-орынбасары Дархан Сатыбалды және қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров алдын ала есеп бойынша жеңіске жетті. Сенаттағы қос орынға үмітті болған алты адамның екеуін мәслихат ұсынса, қалған төртеуі сайлауға өз еркімен қатысушылар.

Айта кетейік, мандат күші 2014 және 2017 жылғы сайлау мерзімдерімен саналады.  

«Әр сенатор заңға сәйкес, 6 жылға сайланады. Заң бойынша өңірлердегі сайлау әр үш жыл сайын өткізіліп тұрады. Әр сенат депутаттығының 6 жылдық мерзімі болғандықтан, біреуінің мерзімі 2014 жылғы сайланған депутат мерзімі біткенше, екіншісі 2017 жылы сайланған депутат мерзім біткенше күтеді», – деді Орталық сайлау комиссиясының Сайлау процесі бөлімінің меңгерушісі Мақсатхан АНАПИН.