Жат ағымға кіріп кеткен азамат әйелін үйден қуып шығып, 4 баласын көрсетпей отыр

Жат ағымға кіріп кеткен азамат әйелін үйден қуып шығып, 4 баласын көрсетпей отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

34 жастағы Айман Қамбарова 5 баланың анасы. Бүгінде бұрынғы күйеуінен төрт баласын қайтара алмай жүр. Айтуынша, күйеуі жат ағымға кіріп кеткен соң, әйелін арсыз әрекетке барды деп айыптаған. Артынша «талақ» айтып, үйден қуып шыққан, деп жазды Stan.kz.

«Балаларды саған бермеймін, келетін болсаң өлтіремін. Мектепке де жолама деген», – дейді шарасы таусылған ана.

Айманның айтуына қарағанда, күйеуі радикал. Жат ағымның жетегінде кеткен азамат осы уақытқа дейін әйелінің жұмыс істеуіне, құрбы-құрдастарымен араласуына тыйым салып келіпті. Ештеңеден сезіктенбеген Айман оның бар айтқанына көніп, бала тауып, үйде отырған. Алайда бір күні күйеуі оны өз ағымындағы азаматтардың кафесіне жұмысқа тұрғызған. Кейіннен сол кафедегілердің бірімен жақындастың деп айыптап, «талақ» айтып, үйінен қуып шыққан. Бүгінде төрт баласын анасына көрсетпей отыр.

Айман бірге тұрған кезінде күйеуінің балаларға қол жұмсағанын да айтады. Шарасыз ана ол кезде де ештеңе істей алмапты.

«Ұрған-соққан кездері болды. 6 жастағы қызды ұрған кезде мен ажырата алмай қалғанмын. Өзі де: – Қатты ашуланған кезде өз-өзімді жоғалтып қоямын деп мойындайды», – дейді әйел.

Қамбарова көзі қызарған қызын дәрігерге апармақ болғанда, күйеуі тағы да қарсылық танытып, рұқсат бермеген көрінеді.

Қамбарованың күйеуі өзінен 13 жас үлкен екен. Ол балаларына ғана емес, әйеліне де сан мәрте қол жұмсаған.


Новости партнеров