Алматыда әлеуметтік нысандарға жылу 12 қазанда беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда орталық жылу желісі 15 қазанда іске қосылады. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты қалалық Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады. Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. Қаланың жылу энергиясы кешендері жұмысқа 100% дайын», - деді басқарма өкілдері.
Басқарма басшысы бұған дейін биыл жылу ақысы қымбаттамайтынын хабарлаған болатын. Қалада биыл 12 шақырым жылу желісі, 23 шақырым электр желісі, 283 шақырым су құбыры мен 267 шақырым кәріз желісі қайта жасалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
07.09.2026 16:45
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.09.2026 18:10
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
07.09.2026 11:00
Балалар туралы сіз біле бермейтін қызықты деректер
07.09.2026 13:42