Елімізде дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2020 жылы елімізде кез келген дәрі-дәрмек дәрігердің рұқсатынсыз сатылмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Дәрігердің рұқсатынсыз сатылып жатқан дәрілерге қатысты мәселе өте күрделі деп айтуға болады. 2020 жылға қарай осы проблеманы шешуді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай, бізде сатып алушылар өздерінің симптомдарын тізбектеп айтып береді де ондағы сатушы, негізінде медициналық қызметкер де емес, оларға дәрілерді береді. Күшті әсері бар препараттарды да сатып жатады», - деді министр.
Бірақ Біртанов билік өкілдерінің барлық дәріхананы бірден тексере алмайтынын айтып өтті.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрі-дәрмекке шектік баға белгілеу жоспарланып отыр. Норматив базаны қайта қарап, дәріханалардың қызметіне қатысты бақылауды күшейтеміз. Бұл дәрігердің рұқсатынсыз дәрі алуға тыйым салу мәселесіне де қатысты. Дәрі-дәрмектердің көбі рецепт бойынша ғана берілуі тиіс. Өкінішке қарай, қағазда көрсетілген рецепт дұрыс тексерілмейді де. Сондықтан барлығын тәртіпке келтіреміз», - деп уәде берді министр.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 09:13
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37