Оралда оқушы қыз мектеп ішінде газ шашқан

08.10.2018 20:30

Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, баллонды ашқан қыз осы мектептің оқушысы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз. 

«Оралда №40 орта мектепте белгісіз нәрседен уланған оқушыларға қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде осы мектептің оқушысы бұрышталған баллонды сепкені анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1 бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Мұның алдында Оралда 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланғаны хабарланған. Оқу орнынан бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға жеткізілді.