Канаданың Онтарио қаласында 46 жастағы Мени Питоссия үйінің есік алдында болған қызық жайт туралы айтып берді. Оның сөзінше, үйінің маңында кезіп жүрген көршісінің елесі видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Stan.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.
Әйел өзіне жіберілген сәлемдемені күтіп отырған кезде иті есікке қарай жүгірген. Алайда терезеден қараған Мени сырттан ешкімді көрмепті. Осы кезде телефонына есіктегі қоңырау іске қосылғаны туралы хабарлама келген.
«Итім үре бастаған соң, есікке қарай жүгірдім. Ол кезде жеткізушіні күтіп отырған едім», – дейді Мени Питоссия.
Артынша Мени бейнебақылау камерасындағы жазбаны көріп, ол жерден біртүрлі нәрсеге куә болған. Видеодан елес тәрізді әлдененің есікке қарай беттегені байқалады.
Мұнан кейін әйел көріпкелге барыпты. Өз кезегінде ол видеоға түсіп қалған орындыққа назар аударуын айтқан.
Ендігі әйел видеоға түсіп қалған көршісінің елесі деп ойлап отыр. Таяуда оның қайтыс болғанына 1 жыл болады екен. Көршісі қайтыс болардың алдында оған сол орындықты сыйлаған екен. Екеуі сол жерде отырып, сөйлескен де екен.
«Мен оны өмір бойы танитынмын. Әкем қайтыс болғаннан кейін ол үнемі бізге көмектесіп жүрді. Біз соңғы рет осы орындықта отырып, әңгімелескен едік», – дейді Мени Питоссия.