|
03.01.2019 | 15:33
2257

Тайландта қатты дауыл тұруы мүмкін: ҚР СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Тайландта қатты дауыл тұруы мүмкін: ҚР СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Тайландтың оңтүстігінің басым бөлігі, Самуи мен Пхукет аралдары, сондай-ақ, Пхангнга мен Краби провинцияларындағы туристік аумақтарға 1962 жылдан бері алғаш рет тропикалық қатты дауыл жақындап келеді. Бұл туралы Тайланд технологиялар және ғылыми министрлігі Гидрологиялық және ауылшаруашылық ақпараттар институтының арнайы мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәлімдеме 2 қаңтарда ұйымның сайтында және жергілікті БАҚ-тарда жарияланды.  Институттағылардың мәліметінше, Тайландтың оңтүстігінен Сиам шығанағынан Андаманд теңізіне дейін, Самуи, Пхукет, Краби және Пхангнга туристік аумақтарында қатты дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы сағатына 65 шақырымға жететіні айтылады. ҚР СІМ Тайландың жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, «Пабук» тропикалық дауылының 5 қаңтарда Сиам шығанағынан Тайланд жағалауларына жетуі мүмкін екенін хабарлайды.

Сондай-ақ, 3 және 4 қаңтарда Сураттхани, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг және Сатун провинцияларында, 4 және 5 қаңтарда Пхетбури, Прачуапкхирикхан, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, Транг және Сатун провинцияларында қатты жауын жауатыны айтылады.

«Төтенше жағдай болған жағдайда ҚР СІМ сайтында көрсетілген Тайландтағы Қазақстан Елшілігіне хабарласуды сұраймыз», - деді ҚР СІМ өкілдері Қазақстан азаматтарына.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир