Ақтөбеде 6-сынып оқушысы балаға пышақ сұғып алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде №14 мектептің 5 және 6 сыныпта оқитын оқушылары бір-бірімен сөзге келіп қалған. Сабақтан кейін екеуі арадағы кикілжіңді шешпекші болыпты. Алайда, 6-сынып оқушысы қарсыласының арқасына пышақ ұрған, деп жазады diapazon.kz.
Жәбірленуші жеңіл жарақат алған.
«Оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Жәбірленуші жеңіл жарақат алғандықтан, оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. Жарасын таңып, қазір сабаққа келіп жүр. Мұндай оқиға біздің мектепте бірінші рет болып отыр. Ешқандай оқушы полицияда тіркеуде жоқ. Біз оқушылардың ата-аналарымен жеке жиналыс өткіземіз. Екі оқушының арасындағы кикілжің бірі екіншісін мазақтауынан туып отыр. Қазір бұл мәселемен құқық қорғаушылар айналысып жатыр», – дейді мектеп директоры Баян Алиева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06