Қатты қайғырған жігіт қайтыс болған сүйіктісінің мүрдесіне үйленді (видео)

Қатты қайғырған жігіт қайтыс болған сүйіктісінің мүрдесіне үйленді (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда ер адам автобус апатынан мерт болған қалыңдығының мүрдесімен үйлену тойын өткізді. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ерекше үйлену тойы мемлекеттің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында өтті. 24 жастағы ер адам салт-дәстүрге сәйкес қалыңдығының басына синдур ұнтағын сеуіп, өмір бойы ешкімге үйленбейтіні туралы уәде берді. Күйеу жігіттің анасы да тойда болып, қатты жылаған.

Басылымда хабарланғандай, ғашықтар бірнеше жыл көлемінде кездесіп жүрген және шаңырақ көтеруді жоспарлапты.

Тойда болған қонақтардың бірі неке рәсімін видеоға түсіріп алған. бүгінде аталған видео желіде тарап кетті.

«Міне нағыз махаббат. Фильмдегідей емес», – деп жазды Четан Энанд есімді желі қолданушысы.

Ал Мадху есімді бойжеткен өзін осыншалықты беріліп сүйетін жігітті кездестіргісі келетінін жазған.


Новости партнеров