ШҚО-да жолаушылар үшін таласқан екі такси жүргізушісі төбелесіп қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск қаласында облыс орталығына баратын жолаушыларға таласып қалған екі такси жүргізушісі төбелес шығарды, деп хабарлайды ustinka.kz сайты.
Такси жүргізушілерінің бірі екіншісінің бетіне бірнеше соққы жасаған.
Артынша жәбірленуші сотқа арызданғанымен, кикілжіңді бейбіт жолмен шешу мүмкін болған екен.
«Сотта жәбірленуші өзін ренжіткен такси жүргізушісімен табысқанын және оған ешқандай арызы жоқ екенін айтты», -деп хабарлайды №2 Зырянов аудандық сотының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде такси жүргізушісіне қарсы әкімшілік іс тоқтатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30