Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді

11.10.2018 20:55

Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 12:56-те өрт туралы хабарлама келіп түскен. Кезекші пультіне Әуезов ауданы Науаи көшесі, 68 мекен-жайындағы 14 қабатты ғимараттың шатырынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келген.


Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті.


Олар барғанда желдету жүйесінің жылыту материалдары отқа орана бастаған. Өрт күндізгі 13:11-де ауыздықталды. Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған.


Өртенген үйден 73 адам, оның ішінде, 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.