Оралда анасы 3 жасар баласымен бір жыл бойы вокзалда тұрған

23.10.2018 20:59

Орал тұрғыны Жазима Дүйсенғалиева 3 жасар баласымен бір жыл бойы автовокзалда түнеп жүрген, деп жазады Мой город.

Әйелдің өзінің айтуынша, ол 2010 жылы ата-анасын жоғалтып алады. Туыстары болғанымен, ешкім көмектеспейді. Ол қалаға келісімен тұрмысқа шыққан. Алайда, күйеуімен жараспай ажырасып кетеді.

«Ұлымды Аналар үйінде өсірдім. Ұлым бір жылға толғанша тұрдық. Одан соң пәтер жалдадық. Мейірімді адамдар көмектесті. Жақында ұлым 3-ке толады. Бір жыл бойы вокзалда тұрдық. Қалалық білім басқармасынан келіп бізді алып кетті. Ұлымды балалар үйіне беруге көндірді. Мен уақытша тапсырдым. Жұмыс істеп, ақша жинаған соң ұлымды қайтып аламын», – дейді ана.

Қазір өзі бейімдеу орталығында. Орталық қызметкерлері ұлына алимент жаздырып, жұмысқа орналастырмақ. Жазиманы мейрамханаға аспаз көмекшісі етіп орналастырған. Алайда, бір күннен соң ол жұмыстан бас тартты. Бір әйелдің өзімен бірге тұруға ұсыныс айтқанын алға тартып, орталықтан кететінін айтқан.

Ал ұлын балалар үйінен белгілі бір уақыт аралығында қайтарып алатынын айтып, қолхат жазған.