Әріптесін өлтірген полицейдің соты кейінге қалдырылды

10.01.2019 21:05

Алматыда қызмет кезінде әріптесі әрі күйеу баласына оқ атып, жазым қылған Азамат Берістемовке қатысты сот басталды.

Алайда, сотталушы денсаулығына байланысты сот отырысына келмегендіктен процесс 17 қаңтарға шегерілді.

Еске сала кетейік, ажалға ұласқан араздық өткен жылдың қыркүйек айында Алматы қаласының жергілікті полиция қызметіне қарайтын аумақта орын алған. Кейін қанды оқиғаға тұрмыстық жағдайдың себеп болғаны анықталды. Азамат Берістемов қарындасы үшін күйеу баласы Сәбит Бегланұлымен жанжалдасып қалған. Ал сот процесінке келген марқұмның әпкелері інісінің өліміне кінәлі оның қайынағасын кешірмейміз деп отыр.

«Өлтірмей, аман-есен жіберсе, қазір Сәбит ортамызда жүрер еді. Осындай болмас еді. Сәбит осы уақытқа дейін 6 жыл қолдарында тұрды. Үй алды, бөлек жай алды. Осы Азамат ортасына түсті. Ылғи да солай істейтін. Сәбит «ажырасамын» деп айтыпты деді. Бірақ сенбедік. Азамат «Мен Сәбитті көрмей жүрген жоқпын. Бірақ енді осыдан кейін Сәбитті көрсем, аямаймын. Мен жақсылап тұрып, сазайын беремін» деп айтыпты. Бірақ шындығы керек, біз жаман ойлаған жоқпыз. Яғни, ұратындай, өлтіретіндей жағдайға жетпейтін шығар дегенбіз», – деді С. Бегланұлының әпкесі Гүлмира МАМЫРБЕКОВА.