|
20.09.2018 | 17:30
2846

Алматыда кеміргіштерге қарсы күрестің күзгі маусымы басталды

Алматыда кеміргіштерге қарсы күрестің күзгі маусымы басталды

Алматыда кеміргіштерге қарсы күрестің күзгі маусымы басталды. Бұл жолы ветеринарлар қаланың 47 мың гектар аумағын қамтымақ. Оның ішіне саябақ, бақтар мен жеке тұрғын үйлер кіреді. Аталмыш шара бүгін Түрксіб ауданынан бастау алды.

У салынған қалта әр аулаға шақталған. Кеміргіштерге қатысты күресте дәнге ұқсаған мұндай дәрілер таптырмас дүние дейді ветеринарлар. Санэпидемиологтардың мұндай тартуынан ешкім бас тартпайды. Үйде тышқан аулайтын мысық болған күннің өзінде, атжалмандармен басқаша күрес жүргізу керек екен.

«Бірінші кезең биыл сәуір мен мамыр аралығында өтті. Екіншісі айдың аяғына дейін жалғасады. Осы мақсатта бюджеттен 80 миллион теңге бөлінген. Қолданылып жатқан дәрі – «Бромодиалон» деп аталады. Ол дератизациялауда өз тиімділігін көрсетті. Оны Ұлыбританияда да қолданған. Сол себепті, тәжірибеге сүйеніп өзімізде де қолдануды ұйғардық», – деді Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Аслан ЖАРМАҒАМБЕТОВ.

Егеуқұйрықтан құтылу үшін аталмыш дәрінің 350 грамы жеткілікті дейді мамандар. Ашық алқызыл түсті дәнді жеген кеміргіштер төрт тәулік ішінде сеспей қатады. Көктемгі маусымда кеміргіштерге қарсы препараттың 150 тоннасы сатып алыныпты. Әсері жақсы және қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Алайда, мамандар жұмысына бір ғана мәселе кедергі келтіретін көрінеді.    

«Алматы қаласының тұрғындарына ұсынысым: біздің жұмысшыларды көргенде қорықпай, балағаттамай, дұрыс қабылдауларыңызды сұраймыз. Көктемде де 47 мың гектар көлем болған. Сол кезде атқарылған жұмыстарды екінші мәрте, күзде қайталап жасап жатырмыз. Негізі, кеміргіштерге қарсы күрес осындай екі кезеңнен тұрады», – деді дезинфекциялау компаниясының директоры Нұрман САДЫРОВ.

Мамандар ашық жерлерді: арық, өзендер мен қоқыс контейнерлерін де улайды. Ауқымды нәтижеге қол жеткізу үшін пәтер иелері коперативтерімен бірге балабақша, мектеп, дүкендер мен базарларда да жүргізу маңызды дейді ветеринарлар.


Азамат Әуезхан, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир