|
24.12.2018 | 16:45
4170

Алматыда дәстүрлі қысқы отбасылық фестиваль өтті

Алматыда дәстүрлі қысқы отбасылық фестиваль өтті

Алматыда дәстүрлі қысқы отбасылық фестиваль биыл «Атакент» көрме орталығы жанындағы алып тиіннің жанында өтті.

Фестивальде жаңажылдық жәрмеңке, қысқы кемпинг, түрлі байқаулар және балаларға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сахнада күні бойы жанды дауыста әртістер өнер көрсетті. Оған қоса, зумба-флешмобтар, скандинавтық жүрістен жарыс ұйымдастырылды. Жалпы, жобаның мақсаты – демалыс күнді отбасымен бірге өткізу.

«Біз фестивальді алғаш рет 2016 жылы «Абай» алаңында қатарынан 3 күн өткіздік. Ол жылы дала суық болатын. Дегенмен, бірінші жылы бар болғаны 1500 адам келді Себебі, көбі қысқы фестиваль жайлы білмеді. Ал 2017 жылы «Астана» алаңында өткізгенде келушілер саны арта бастады. Биыл көп адам келді. Өйткені, «Атакент» көрме орталығының маңы адамға толы. Тегін сырғанау алаңы, алып тиін бар», – деді «Winter family festival» жобасының директоры Майра ИЗМАЙЛОВА.



«Өте керемет ұйымдастырылған. Танымдық, қызықты байқауларға қатысып ересектер де балалармен бірге ойнап кеттік. Сырғанақта сырғанап, кейін бас киім жасауды үйрену үшін шеберлік сабағына қатысып жатырмыз. Дәмді тамақ, ыстық шай ішіп, көңіл күйіміз тамаша. Бұл отбасының ұйытқысын сақтап қалуға, уақытты тиімді пайдалану үшін таптырмайтын фестиваль. Жылда ұйымдастырылса екен деп тілейміз», – деді Вероника ЯКИМЕНКО.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир