Алматыда мемлекеттік қызметке тест тапсыру кабинеттері кеңейтілді

Алматыда мемлекеттік қызметке тест тапсыру кабинеттері кеңейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне үміткерлерді тестілеу залдары қайта жабдықталды. Жаңа ашылған кабинеттерде бұрын бір мезетте небәрі, 28 адам тест тапсырса, енді оның саны 80-ге көбейген.

Мамандар осыған дейін бұл қызмет түріне жоғары сұраныс болғандықтан, келушілер көп жағдайда сыймай қалатын дейді. Сондықтан азаматтар басқа облыс орталықтарына барып тестілеуден өтуге мәжбүр болған. Осыны ескерген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы тестілеу кеңсесін ашып отыр.

«Бұрын жетіспеушілік көп болды. Орын тіркелуге азаматтарда аса болған жоқ. Себебі, 5 күннің ішінде орын болмайды деген тіркелу барысында сондай орын алып жатқан. Ал қазіргі күнде 3 зал бар. Барлығы кеңейтілген. Сол себепті, ондай қазір ауыртпашылық жоқ. Сондықтан егер адам тестілеу барысына өзін дайынмын десе, кез келген уақытта тапсыра алады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменттің бас маманы Айдар БАЙҒАЛИЕВ.

Тестілеу орталығында үміткерлер ақылы түрде өзін сынау мақсатында тест тапсыра алады. Бұл өз білімдерін обьективті түрде бағалауға және психологиялық кедергілерден өтуге көмектеседі дейді мамандар. Ал келер жылы залдарда аттестациялау өткізілмек. Оған «Нұр Отан» партиясы, «Азаматтарға арналған үкімет», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысады деп жоспарланып отыр.


Новости партнеров