|
26.09.2018 | 16:07
1313

Астана әкімі 7 жастағы баланы құтқарған астаналыққа 500 мың теңге сыйақы берді

Астана әкімі 7 жастағы баланы құтқарған астаналыққа 500 мың теңге сыйақы берді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлап кеткен баланы құтқарып қалған Артем Каревті марапаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала басшысы астаналыққа 500 мың теңгелік сертификат табыс етті.  

«Құрметті Артем Семенович, бұл таңданысқа тұрарлық әрекет. Бұл біздің азаматтарға қоғамға қалай әсер ету керек екенінің мысалы. Мен өз атымнан, әкімдіктің және астаналықтардың атынан сіздің ерлігіңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Біз сізге өзіміздің қордан сыйақы беру туралы шешім шығардық. Әрине, мұның барлығы баланың өмірін аман алып қалумен еш теңесе алмайды», - деді Бақыт Сұлтанов Артем Каревке.

Айта кетейік, Сарыарқа аудандық әкімдігі Артем Каревті марапаттаған еді. Бұл туралы аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметінің өкілі Бибігүл Абыддин Facebook желісінде жариялады. Суретте аудан әкімі Арман Тұрлыбектің жеті жасар баланы құтқарып қалған батырмен тілдесіп, теледидар сыйлағанын байқауға болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сыйақы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир