|
26.09.2018 | 17:50
5221

Абай атындағы опера және балет театры жаңа қойылымдармен толықты

Абай атындағы опера және балет театры жаңа қойылымдармен толықты

Абай атындағы опера және балет театры жаңа маусымды бастамақ. Әдеттегідей алғашқы болып Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы қойылады. Ал қойылымдағы Абай мен Ажардың образын Талғат Күзембаев пен Зарина Алтынбекова ойнайды.

Сондай-ақ, биылғы жылы тұсаукесерлер қатары толыққан. Олардың қатарында Людвиг Минкустың «Дон Кихот» қойылымы, классикалық «Аққу көлі», Леонкаваллоның «Паяцы» және Масканьидің «Ауылдық абырой» опералық қойылымдары бар.  

«Бізге осы кезең өте сәтті болғалы тұр. Еуропаға танымал режиссер Лоренцо Мариани мен көркемдік жетекші Вильям Орландидің қойылымы көрсетіледі. Олар бізге декорация эскиздерін, костюмдерді ұсынды. Қазір техникалық жұмыстар жүргізілуде», – деді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера бөлімінің басшысы Ләйлім ИМАНҒАЗИНА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир