|
15.11.2018 | 17:14
3880

Алматы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаншалықты қолайлы қала?

Алматы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаншалықты қолайлы қала?

Мүмкіндігі шектеулі жандар үнемі назарда! 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Қайырымдылық іс» атты айлық іс-шара жалғасын табуда.

Бүгін Алматы қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен танымал тұлғалар қоғамның әлсіз тобының кейпіне еніп көрді. Қабанбай батыр көшесінің бойымен 800 метрдей жолды мүгедектер арбасымен жүріп өткен олар осы уақыт аралығында қарапайым халықтың мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасын білді. Сонымен қатар, көздерін жауып ас ішіп, зағип жандардың өмірін сезінді.  

«Біз бүгін аздаған уақыт мүмкіндігі шектеулі жандардың қол арбасымен жүріп көрдік. Бар болғаны 20-30 минут кетсе де, өте қиын болды. Өзіңді керексіз адамдай, үміті жоқ жандай сезінесің. Қыдыруға ыңғайлы, отбасылық демалысқа арналған орталықтағы Панфилов көшесінің өзі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмаған екен. Мүгедектер үшін жаяу жүргінші жолағынан өту тіпті қиын. Сондай-ақ, жаңа Алмалы метросына барып, түсуге тырыстық. Шақыратын қоңырау жоқ. Ал балмұздақ жейін десек, дүкендерге қол арбамен баруға мүмкіндік қарастырылмаған. Көшенің жоспарын жасаған да осындай мәселелерге мән берсе деймін», – деді қоғам белсендісі Бауыржан СЕРІК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир