Алматыда бірнеше бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда бірнеше бағыттың автобустары жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тағы бірнеше бағыттың автобустары жаңарды. Қала басшысы Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жеке тасымалдаушылар алған бірқатар бағыттарды, соның ішінде қалаға жақын аумақтарды қамтитын жаңа қоғамдық көліктерді көрді.

№23 және 78-ші бағыттағы қоғамдық көліктер Қырғауылды – Бесағаш және Саяхат автобекеті – Жалпақсай елдімекені бағыттары бойынша жүреді, күніне орташа есеппен, 15 мыңға дейін жолаушы тасымалдайды. Мегаполис басшысы субсидия бөлу арқылы жылжымалы құрамды жаңартқан автопарктерге қолдау көрсетілетінін айтты. Дегенмен, тасымалдаушылар жүргізушілердің мәдениетін және қызмет көрсету сапасын арттырулары тиіс.

«Біз автобустарға барынша жақсы жағдай жасап жатырмыз. Қала бюджетінен ақша да бөліп жатырмыз. Сондықтан сапасына да айрықша көңіл бөлу керек. Автобуспен жүретін адамдар саны қазірдің өзінде өсіп жатыр. Оны өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, біз бұл үрдісті барынша қолдайтын боламыз», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Бұлардан өзге, «Олжас LTD» автопаркі жылжымалы құрамның тағы төрт бірлігін сатып алған. Сыйымдылығы орташа автобустар №62 бағыт бойынша жүреді, жолаушы ағыны артқандықтан, бұрынғы жаңарған автобустардың қатарын толықтырады.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаңарған қоғамдық көліктің үлесін 80 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.  

 



Новости партнеров