Атырауда балықтардың жаппай қырылу: Қылмыстық іс қозғалады

Атырауда балықтардың жаппай қырылу: Қылмыстық іс қозғалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қалада Жайық өзеніне тасталатын құрылғылары бар барлық ұйымдарды жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылу фактілері бойынша материалдар қылмыстық іс қозғау және сот алдындағы тергеу амалдарын бастау үшін Атырау облыстық Полиция департаментіне жіберілді. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-бөлімінің 6-тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық экология департаменті мен Атырау қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасына Жайық өзенінен балық аулау үшін құрылғылар тастайтын ұйымдарды жоспардан тыс тексеру тапсырылған. Ведомствоаралық комиссияның хаттамасына сәйкес, Жайық өзенін қырылған балықтан тазарту жұмыстары басталды. Бұл жұмыс тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмеу және шығын көлемін анықтау мақсатымен жүргізіліп отыр. Қазіргі кезде жиналған өлі балықтың көлемі шамамен 1 тоннаны құрап отыр», - деді инспекцияның бас маманы Ақмарал Қаукенова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында ведомствоаралық комиссия құрылған. Оның құрамына Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасы, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Экология департаменті, Қазақ Балық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, сондай-ақ ТЖД өкілдері мен қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары кірді.


Новости партнеров